Қазақстан экспорттаушы елдерден келген 70 тонна залалды өнімді жойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қазан айының 21-28 аралығында ел аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың 29 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Мәселен, Ресей Федерациясынан өнімдер (картоп - 14 тонна, бидай - 121,03 тонна, кесілген ағаш дайындамалары - 20 текше метр) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген 8 факт тіркелді.

Ал, Қырғызстан Республикасынан өнім (жүзім, құрма - 20,01 тонна, кептірілген жемістер - 22 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген 3 оқиға анықталды.

Осы үш жағдайда 1-еуінде шығыс жеміс жемірі, 2-еуінде Комсток сымыры атты карантиндік объектілер анықталды.

Одан бөлек, өнім (кептірілген жемістер - 22 тонна, жаңғақ - 5,6 тонна, алма және алмұрт - 24,4 тонна, сарымсақ - 0,3 тонна, күріш - 1 тонна, асқабақ - 0,05 тонна, өрік - 0,02 тонна) маркировкасыз әкелінген 10 жағдай тіркелді.

Сонымен бірге, Өзбекстан Республикасынан 6 жағдайда 70 тонна құрма мен 0,9 тонна анардан Шығыс жеміс жемірі және Комсток сымыры анықталды.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылған жалпы салмағы 236,61 тонна және 20 текше метр өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылып, 70 тонна залалды өнім жойылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram