Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Ұйымның негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын қатаң ұстанды-Қ. Саудабаев

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Ұйымның негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын қатаң ұстанды. Бұл туралы бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрғасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтты

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Ұйымның негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын қатаң ұстанды-Қ. Саудабаев

«Біз өзіміздің төрағалығымыз кезінде ЕҚЫҰ-ның негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын, сондай-ақ біздің жариялаған стратегиялық бастамалар мен өзекті басымдықтарды қатаң ұстандық»,-деп атап өтті Қ. Саудабаев.

Қазақстан ұйымға қатысушылардың көзқарастары мен мүделлерін ескергеніне тоқталған Мемлекеттік хатшы: «Атап айтқанда еліміз ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемінің теңгерімін қамтасыз етті. Ұйымға қатысушы мемлекеттердің сенімін ақтауға тырыстық. Қазақстан жұмысы ЕҚЫҰ-ның оңтайлы дәстүрін нығайтуға және дамытуға негізделді»,- деді.

Осы орайда Қ. Саудабаев бұл бағытта биыл ауқымды жиындар ұйымдастырылғанын атап өтті.