Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезеңінде ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы оң тәжірибесін толық пайдалануға тырысады - Қ. Саудабаев
анның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезеңінде ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы оң тәжірибесін толық пайдалануға тырысатын болады.
Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде ҚР Мемлекеттік хатшысы - ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, Қазақстан азаматтарының ұлты мен дініне қарамастан барлығының теңдігі біздің тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегясының табысты жүзеге асуының сенімді ірге тасы болды. Мемлекет басшысының осы саясаты Қазақстанның дәйекті дамуының айқындаушы факторы болды және солай бола береді. Ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы біздің оң тәжірибеміз, Н. Әбішұлының тамаша саяси ноу-хауы Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты қызметі қазіргі таңда әлемде зор қызығушылық пен құрмет тудырып отыр. Және біз еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде осы тәжірибені толық пайдалануға тырысатын боламыз», деді мәжілісте Қ. Саудабаев.
«Осыған байланысты Ұлттық бірлік доктринасы айрықша мазмұнға ие болып отыр, ал Қазақстан халқы Ассамблеясына айырықша жауапкершілік жүктелуде», деді ол.
ҚР Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Шығыс пен Батыстың гуманитарлық диалогы күрделі уақытты басынан кешіп жатқан кезеңге дөп келгенін атап көрсетті. «Қазақстан өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы тұрақты диалогтың бастамашылығы рөлін орындауды жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар оның белсенді ілгерілетушісі болуға дайын» деп атап көрсетті Қ. Саудабаев.