Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде Қырғызстанда болып өткен парламенттік сайлаудағы қырғыз халқының даналығы мен ерлігін жоғары бағалайды - Қ.Саудабаев
СТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы Қанат Саудабаевтың Қырғызстан Республикасында өткен парламенттік сайлауларға байланысты жасаған мәлімдемесін жариялайды.
***
ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мәлімдемесі
Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы ретінде Қырғызстан Республикасындағы парламенттік сайлаулардың бейбіт өткенін жақтайды және елде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің тез арада қалпына келуіне тілектестік білдіреді.
Қайғылы оқиғалардың алғашқы күнінен бастап-ақ Қырғызстандағы жағдай ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының назарында. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің бірлескен күш-жігерлерінің арқасында Қырғызстандағы саяси аласапыран мен азаматтық тайталастардың ары қарай өршіп кетуінің алдын алуға мүмкіндік туды.
Жағдайдың жақсаруына ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының, БҰҰ Бас хатшысы мен Еуропалық Одақтың да айтарлықтай үлесі қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өтпелі кезеңдегі президент Роза Отынбаевамен, Қырғызстанның бірқатар саяси көшбасшыларымен бірнеше мәрте кездесіп, сайлау алды кезеңдегі Қырғызстандағы жағдайдың тұрақтануы үшін көп еңбек етті. Осының барлығы Қырғызстандағы саяси дағдарыс кезіндегі әлемдік қоғам мен халықаралық құрылымдардың тиімді бірлескен іс-әрекетінің үлгісіне айналды.
Қазақстан ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы ретіне өткен парламенттік сайлауда байқалған қырғыз халқының даналығы мен ерлігін жоғары бағалайды және де Қырғызстан Республикасында бейбітшілік пен келісім сақталады деп үміттенеді.
Біз Қырғызстан халқының сайлауына құрметпен қараймыз және саяси өмірдің жақсаруына, бірқалыпты тұрақтылықтың орнауына, халықтың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, елдің экономикалық және демократиялық жандануына бағытталған күш-жігерлерін әрдайым қолдаймыз.