Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қызметіне тың серпін бере алады - Сербия Елшісі Елица Курьяк

sp;АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қызметіне тың серпін бере алады. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Елица Курьяк осылай мәлімдеді,

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қызметіне тың серпін бере алады - Сербия Елшісі  Елица Курьяк

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздердің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жайлы айтатын болсам, Қазақстан басшысы және жалпы Қазақстан басшылығы өзінің беделімен еуропалық қауіпсіздікті нығайту ісінде алдыға қадам жасайды және ЕҚЫҰ-ға тың серпін береді деп үмітенеміз», деді брифингте Е. Курьяк.

Кипр мен Қазақстан арасында бұрыннан дәстүрлі жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын айтқан Елші: «Біздің елдегі тарихи оқиғалардан кейін байланыстар біршама үзіліп қалды. Сербия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлерінің өткен жылы ЕҚЫҰ-ның саммиті шеңберіндегі Афиныдағы кездесулерінен кейін біздер ынтымақтастығымызды жаңа жағдайларда дамытатын болып келістік», деді.

Оның айтуынша, кеше Индустрия және сауда министрлігінде кездесу болып, оның барысында тараптар сауданы либерализациялау туралы келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін және үкіметаралық комитет құратын болып келіскен. «Содан кейін инвестиция және екі ел арасындағы сауда-саттықты жеңілдету мәселесін қозғайтын боламыз. Бұдан бөлек, биыл Қазақстанның Сербиядағы және Сербияның Қазақстандағы апталықтары өткізілетін болады», деді Елші.

«Сербия Еуропадағы шағын мемлекет. Алайда оның белгілі бір артықшылықтары және үлкен мүмкіндіктері бар», деген ол Сербия мен Қазақстанның энергетика саласындаы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда зор мүмкіндіктері барын атап өтті.