Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде бауырлас Қырғызстанға ауыр дағдарыстан шығуға көмек көрсетеді - Қанат Саудабаев

деді бүгін толеранттылық және кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ конференциясының жабылуы кезінде сөйлеген сөзінде ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«Қазақстан бірінші күннен бастап көршілес республикаға мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Сондай-ақ еліміз Қырғызстандағы сенім мен толеранттылықты тезарада қалпына келтіруге ниетті. Мұнымен қоса Қазақстан бұдан әрі екіжақты негізде және ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде бауырлас Қырғызстан еліне ауыр дағдарыстан шығуға көмек көрсетеді», деп атап өтті Қ. Саудабаев.
«Біз бұл беделді конференцияда ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердегі төзбеушілікпен және кемсітушілікпен күрес бойынша шешім қабылдау үдерісіне ықпал етуге жиналдық. Осы орайда конференцияның нәтижесі мен тәжірибе алмасу бұл тұрғыда елеулі рөл атқаратынына үміттімін», деді ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы -ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.