Қазақстан елді мекендерінің төтенше жағдайлар кезінде хабар алу мүмкіндігі жоқ - министр

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан елді мекендерінің төтенше жағдайлар барысында хабар алу мүмкіндігі жоқ.

Қазақстан елді мекендерінің төтенше жағдайлар кезінде хабар алу мүмкіндігі жоқ - министр

Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

«Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылдың басында ауыл халқының саны 7,5 млн. адамды немесе халықтың 45 пайызын құрайды. Дегенмен қазіргі қолданыстағы орталықтандырылған құлақтандыру жүйесі бастапқыдан-ақ бейбіт және соғыс кездерінде ірі қалалар мен өнеркәсіп нысандарына қызмет көрсетуге арналған әрі ауылдық елді мекендерді қамтымайды», - деді ол.

Осы орайда В.Божко Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ сынды мұнай және газ кен орындарына тақау орналасқан елді мекендерде алаңдаушылық танытатындығын баса айтты. Оның сөзіне қарағанда, осы аймақтарда орналасқан ауылдарды техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар орын алғанда құлақтандыратын мүмкіндіктер жоқ.

«Заманауи өмір шындығын ескерсек, мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек деп санаймын», - деді министр.