Қазақстан электронды жады қорын түбегейлі кеңейтеді - Мәдениет және ақпарат министрі
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасының (ҚазҰЭК) қорын түбегейлі кеңейтеді.
Бұл туралы ТМД елдері кітапханашыларының форумында аталған ведомствоның басшысы Дархан Мыңбай айтты.
«Зияткерлік ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық қалыптарын дамыту қажет, Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасының қорын кеңейту керек. Шын мәнінде бұл ұлттың электронды жадысы, сондықтан әлеуметтік-маңызды басылымдар бағдарламасы бойынша шығарылған барлық кітаптарды ҚазҰЭК-ке енгізу шарт. Сонымен қатар жеке тәртіпте басылған кітаптарды онда орналастырудың ынталандыру тетіктерін ойластыру қажет»,-деді министр.
Осы орайда ведомство басшысы Елбасы ҚазҰЭК қорын кеңейтуге тиісті тапсырма бергенін еске салып өтті.