Қазақстан электрондық сауданы дамытуға ниетті - Б.Сағынтаев

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Электрондық сауда саласы Қазақстан экономикасының нақты секторларын дамытудың маңызды салаларының бірі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚХР Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласындағы «JUMORE E-commerce Co., Ltd» басқармасының төрағасы Лу Хунсянмен кездесу барысында.

Қазақстан электрондық сауданы дамытуға ниетті - Б.Сағынтаев

«Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін логистика және электрондық коммерция орталығына айналып,   е-коммерция үлесін жалпы әлемдік көрсеткішке яғни, елдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің  4 пайызына жеткізе алады. Бұл үшін логистика тәсілдерін қайта қарап, тауарлар жеткізу желісін дамытып, банк қызметтер спектрін кеңейту қажет», - деді ол.

Б. Сағынтаев Қазақстан бірнеше жыл бойы индустриалдық-инновациялық даму жоспарын іске асырып келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, е-коммерцияны дамытудағы Қытай тәжірибесі  Қазақстанның қызығушылығын тудыруда. Бұл ретте қытай тарапы «Интернет+» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты реттеуге, интернет-сауда, интернет-индустрия, жаңа сандық технологиялар, желілік базалар саласында ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін өңдеуге  әзір екенін білдірді.

null null
null null null null null