Қазақстан елімізді индустрияландыруға қаржы салатын инвесторлармен ғана жұмыс істейтін болады - Н. Назарбаев

А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан елімізді индустрияландыруға қаржы салатын инвесторлармен ғана жұмыс істейтін болады. Бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық  мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бүгін инвесторларға, соның ішінде отандық инвесторларға мынадай нақты белгі беремін: біз экономиканы әртараптандыруға және шикізатты терең өңдеуге бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыратындармен ғана жұмыс істейтін боламыз. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: елімізге қажетті жобалар шешімін таппай жатқан салаларда біз оларға пайдалы шарттарды және жобаларына ресурстарды ұсына отырып  жаңа әріптестерді  іздестіретін боламыз», деді Н. Назарбаев. Осы орайда Мемлекет басшысы осы айтылғандар елімізді индустрияландыру бағдарламасының аясында нақты жүзеге асуы тиістігін қадап айтты. «Біз Қазақстанның кендері мен байлықтарын игеріп, жұмыс істеп жатқан барлық инвесторларды индустрияландыру бағдарламасы бойынша тығыз ынтымақтастыққа міндеттейтін заң қабылдайтын боламыз», деді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар