Қазақстан елшілігі БАӘ-де шағын футболдан өткен дипломатиялық турнирде жеңіске жетті

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырған спорттық шараға Гремания, Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Африка Республикасының командалары қатысты.
Шетелдік дипломаттар алдында сөз сөйлеген еліміздің БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық жетістіктеріне ерекше тоқталып өтті.
«Ағымдағы жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындары Тәуелсіз Қазақстанның бесінші ойындары болатын әрі қазақстандық спортшылар тамаша нәтиже көрсетті. Біздің еліміз жеті алтын, бір күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Осылайша, таңқаларлық серпіліс жасап, медаль саны бойынша 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы қорытындысындағы 29 орыннан Лондон Олимпиада ойындарында 12 орынға көтерілді. Бұл жетістік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қазақстандық спорттың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы», деді А.Мусин.
Тартысты өткен турнир барысында Қазақстан елшілігінің құрамасы жеңіске жетті. Жартылай финалда қазақстандық дипломаттар Өзбекстан құрамасынан, ал ақтық сында Түркия командасынан басым түсті.
Жарыс қорытындысында А.Мусин жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен турнир кубогын табыс етті.