Қазақстан Елшілігі Токиода Конституция күніне арналған брифинг өткізді

АСТАНА.  Қыркүйектің   5-і. ҚазАқпарат -  Қазақстан   Республикасының Елшілігі  Орталық  Азия  және  Кавказ  институтымен бірлесіп Токиода    жапондық  журналистер   үшін   Қазақстанның   Конституция күніне арналған   брифинг   ұйымдастырды,
None
None

деп хабарлайды сыртқы саясат  ведомствосынан.

 Елші Ақылбек  Камалдинов еліміздің  дамуындағы   Ата Заңның  рөлі  туралы  әңгімелеп  берді,   жапондық журналистерді   Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  экономикалық  саясатының    негізгі бағыттарымен, сондай-ақ    қазақстандық қоғамды  әрі  қарай  демократияландыру  үдерісімен   таныстырды.

 Қазақстан  Үкіметінің  дағдарысқа қарсы бағдарламасы,    оның ішінде азаматтардың  әлеуметтік  қорғалуын жақсартуға  бағытталған     шаралары  жиналған    қауымның  айрықша ықыласын  аударды.

 Дипломат  сонымен бірге   БҰҰ-ның   Ядролық  қарусыздану  мәселелері  жөніндегі  ХХІ конференциясына   қатысу  аясында   ҚР Мемлекеттік  хатшысы Қанат Саудабаевтың  күншығыс  еліне    жасаған жұмыс сапарының  қорытындысына   тоқталды.

Соңғы жаңалықтар