12:24, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазақстан елшісі ардагерлермен кездесті - Мәскеу
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков Мәскеуде тұратын қазақстандық ардагерлермен кездесті,

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Дипломат қонақтарды келе жатқан жарқын мерекемен құттықтап, ерліктері үшін ардагерлерге алғыс білдірді және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлестерін атап көрсетті.
«Сіздердің ерліктеріңіз, Отанға және халыққа шексіз берілгендеріңіз - бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің берік негізі, Отанға деген патриоттық сезімнің шынайы үлгісі», - деп атап көрсетті елші өз сөзінде.
Ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Олар өз кезектерінде, көрсетіп отырған қамқорлықтар үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа және Қазақстан елшілігіне ризашылықтарын білдірді.