17:43, 03 Қараша 2017 | GMT +5
Қазақстан елшісі Чехияның экс-президентімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов Чехия Республикасының бұрынғы президенті Вацлав Клауспен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР СІМ-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгіме барысында чех саясаткері парламент сайлауынан кейінгі елдің ішкі саяси ахуалы жайлы көзқарастарымен бөлісті. Өз кезегінде қазақстандық дипломат елдің қазіргі саяси және экономикалық даму жағдайын айта келе, Қазақстан және Чехия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай (2018 жылдың 1 қаңтары) өткізілетін шаралар жайлы Елшілік жоспарларымен таныстырды.