Қазақстан елшісі қырғыздың Талас облысында «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын таныстырды

БІШКЕК. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бақыт Оспанов Қырғызстанның Талас облысына сапар жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Танысу сапары аясында дипломат облыс губернаторымен кездесті, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады, қазақ мәдени орталығында болды. Облыстық әкімшілікте болған кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты келісімдердің орындалу барысын талқылады, бауырлас екі елдің арасындағы шекара ынтымақтастығын дамытуға өзара мүдделілік білдірді. Қазақтың «Отан» мәдени орталығының ақпараты бойынша, облыста қазіргі уақытта 3,5 мыңдай этникалық қазақ тұрады және олардың көпшілігі экономиканың түрлі саласында табысты еңбек етеді, республиканың түрлі мемлекеттік құрылымдарында маңызды қызметтер атқарады. Қазақ диаспорасымен болған кездесу барысында Б.Оспанов жиналған қауымды Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктерімен таныстырды және әлемдік дағдарыстың салдарын еңсеруге бағытталған Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы әңгімелеп берді. Дипломат бұл басқосуда сондай-ақ, оралмандардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген қазақстандық «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасымен де таныстырды. Кездесу соңында Б.Оспанов Қазақстан Елшілігінің атынан мәдени орталыққа қазақ тіліндегі оқулықтар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар