10:49, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан елшісі мен Қырғызстанның ішкі істер министрі құқық қорғау органдарының екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады
БІШКЕК. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Оспанов пен Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Молдомус Қонғантиевтің кездесуі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында тараптар екі көрші республиканың құқық қорғау желісі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әсіресе
екі республиканың ішкі істер органдарының шекаралас облыстардағы жұмыстарына жоғары баға берілді. Қырғыз министрі радарлық қондырғымен қамтамасыз етуде қырғыз әріптестеріне көмек қолын созған Қазақстанның Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің көмегін атап көрсетті. Тараптар сондай-ақ курорттық маусымда Қырғызстан жолдарында МАИ қызметкерлерінің бірлесіп қызмет ету тәжірибесіне оң баға беріп, бұл игі істің биылғы маусымда да жалғастырылатынын атап көрсетті. Қазақстан дипломаты кездесу барысында, Қазақстан құқық қорғау органдарының қырғыз әріптестеріне әрқашан көмектесуге әзір екенін атап көрсетті.