Қазақстан Елшісі Норвегия Королі V Харальдқа сенім грамоталарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қарашада Осло қаласында Қазақстан Республикасының Норвегия КорольдігіндегіТөтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов Норвегияның Королі V Харальдқа Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстан Елшісі Норвегия Королі V Харальдқа сенім грамоталарын тапсырды

Салтанатты шара барысында Норвегия королі қазақстандық елшіні құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Біздің мемлекетіміздің даму болашағын жоғары бағалап, монарх Қазақстан мен Норвегия арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге үміт білдірді.

Кездесуде ҚР Елшісі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мүмкіншілігі туралы хабарлады.

Норвегиялық монарх 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат Қазақстанға табыс тіледі.