Қазақстан елшісі Өзбекстанның Олий Мажлисі Сенатының төрағасымен кездесті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенатының төрағасы Нигматилла Йулдошевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан елшісі Өзбекстанның Олий Мажлисі Сенатының төрағасымен кездесті

Кездесу барысында Н.Йулдошев Қазақстанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, Өзбекстан Нұр-Сұлтан қаласымен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға Орталық Азия өңіріндегі негізгі серіктесі ретінде үлкен мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде елші Дархан Сатыбалды сұхбаттасушыны Қазақстандағы соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, атап айтқанда, алдағы президенттік сайлау туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломат екі ел көшбасшыларының өзара түсіністігіне негізделген бірлескен жұмыстың арқасында елдер екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Осы орайда екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы, оның ішінде ҚР Парламенттері Палаталарының басшылары арасында сапарлар алмасу арқылы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы айтылды.

Әңгіме соңында Сенат төрағасы Қазақстанның Өзбекстандағы елшісіне бауырлас елдер арасындағы қатынастарды одан әрі кеңейту жолындағы жұмысына толағай табыстар тіледі.

null