Қазақстан Елшісі Пәкістан Президентімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат. Осы жылғы 22 қаңтарда Пәкістан Ислам Республикасының (ПИР) Президенті Асиф Али Зардари Исламабадта тіркелген мұсылман мемлекеттері дипломатиялық өкілдерінің басшыларына арнап ресми қабылдау өткізді,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Пәкістан Ислам Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының ПИР Елшісі Б.Шабарбаевтың Пәкістан Президентімен қысқа әңгімесі болып өтті. Қазақстан дипломаты Пәкістан Президентін Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамалары жөнінде хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақстанның 2010 жылда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымында (ЕҚЫҰ) және 2011 жылда Ислам Конференциясы Ұйымындағы (ИКҰ) төрағалығы, сонымен қатар, осы жылдағы ІІІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы айтылды. Тараптар екі жақты Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының дамуына оң баға берді.
Соңғы жаңалықтар