Қазақстан елшісі Р.Ыбыраев Мажарстан жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағына ие болды

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі осы мемлекеттің көне қалаларының бірі – Секешфехерварда Қазақстан Республикасына арналған бірқатар шаралар өткізді,

Қазақстан елшісі Р.Ыбыраев Мажарстан жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағына ие болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Янош Кодолайни атындағы университет залындағы салтанатты жиынға ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер, сондай-ақ БАҚ мен қаланың қоғамдық өкілдері жиналды. Кездесу кезінде Қазақстанның Елшісі Рашид Ыбыраев ҚР тарихы, оның қоғамдық-саяси рөлі, елдегі экономикалық өзгерістер, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бастамашылықтары, сондай-ақ қазақстан-мажарстан арасындағы халықаралық байланыстардың дамуы туралы айтып берді. Тыңдармандар назарына Қазақстан халқы Ассамблеясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері туралы айтып берді. Қазақстанның бай тарихы мен дәстүрлері ерекше қызығушылық туғызды. Мажарстандық қоғамдық өкілдердің пікірінше, ұлысаралық және конфессияаралық келісім моделі шын мәнінде көптеген елдерге үлгі боларлықтай. Осыған байланысты сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мұндай жоғары сенімнің қазіргі заманғы көпұлысты қоғамның келісінін және тыныштықты қамтамасыз етуді еліміздің жетістіктеріне берілген жоғары бағананың көпрінісі болып табылады. Мажарлықтар «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасымен, ҚР Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауының негізгі тезистерімен, еліміздің дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі іс-қимылының басты бағыттарымен танысты.ЖОО ректоры Петер Сабо бауырлас қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетінен, Қазақстанның қол жеткізген жетістігінен мол мағлұмат беретін шараларды ұйымдастырғаны үшін Елшілікке өз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол, ЖОО арасындағы және мажар-қазақ арасындағы байланысты дамытуға қосқан зор үлесі үшін, Қазақстан Елшісі Рашид Ыбыраевқа Янош Кодолайни атындағы ғылыми-қолданбалы университеттің құрметті профессоры атағын беру туралы университеттің ғылыми кеңесінің шешімі қабылданғанын хабарлады.