Қазақстан елшісінің Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарымен болған кездесуінде отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Ашғабадта Қазақстан Елшісі Асхат Оразбайдың Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Тачберді Тағиевпен кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен. Кездесу барысында отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар өндіріліп отырған көмірсутек шикізатының экспортын арттыру және әртараптандыру мәселелері, оның ішінде Каспий жағалауы газ құбырының, Түрікменстаннан Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тартылатын газ құбыры құрылыстарының бірлескен жобалары аясындағы екі мемлекеттің ұзақмерзімдік мүдделерінің сәйкес екенін атап көрсетті. Сондай-ақ жақын арадағы Астанада екіжақты үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге байланысты мәселелер де талқыланды. Т.Тағиев Түрікменстан тарабынан комиссияның тең төрағасы болып табылады.
Соңғы жаңалықтар