Қазақстан ең төменгі жалақыны халықаралық конвенцияға сәйкес сақтайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі туралы конвенция Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясының 1928 жылдың 16 маусымында Женевада жасалған болатын.
None
None

Құжаттың мақсаты ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімінің имплементациясы жөніндегі міндеттемелерді мемлекетке бекітіп беру болып табылады. Сонымен қатар, Конвенцияны қабылдаған мемлекет ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз етеді. Бұл ретте әрбір мемлекет жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге де жолмен тиімді реттеудің белгілі рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында (атап айтқанда үй шаруашылығында) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлерін белгілеуге міндеттеледі. «Еліміздің ағымдағы жағдайы және ұзақ мерзімді даму міндеттерімен байланысты қолда бар мүмкіндіктер, тиімділік пен қажеттілік осы конвенцияны қабылдаудың негіздемелері болып табылады. Сонымен қатар, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және төлеу Қазақстанның Конституциясында белгіленген аса маңызды әлеуметтік кепілдіктердің қатарына жатады. Бұдан бөлек, елімізде еңбекақыны төлеу кепілдіктері мен ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі Еңбек кодексімен реттелген және экономиканың барлық салаларының қызметкерлері үшін бірдей болып табылады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Жалпы, конвенция бойынша ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақыны анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған жұмысшы өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен алуға құқығы қаралады.

Соңғы жаңалықтар