Қазақстан энергиясының шамамен 70 пайызын 30 ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тұтынады

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру туралы жаңа заңға сәйкес таяу 2 жылдың ішінде барлық орта және ірі кәсіпорындар энергия тұтыну көлемін төмендетуге міндетті.
None
None

Бұл туралы бүгін «Ғылым-Индустрия-Инновация» тақырыбында өткен бірінші республикалық ғылыми-техникалық кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілі Әлібек Қабылбай айтты.

«Ең ірі 30 өнеркәсіп кәсіпорны бүгінгі таңда елдің барлық электр энергиясының 65-70 пайызын тұтынады. Сондықтан да энергия үнемдеу саласындағы өкілетті орган ретінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алдына өенркәсіп саласындағы энергия тұтыну көлемін төмендету міндеті қойылған. Бұл бағыттағы жұмыстар таяу екі жылдың ішінде жұргізілетін болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы жаңа заңға сәйкес барлық орта және ірі кәсіпорындар энергия тұтыну көлемін төмендетуге міндетті болмақ.

«Әрине, ол үшін жаңа технологиялар енгізіп, өнеркәсіп үдерісін, технологияларды, құрал-жабдықтарды жаңғырту әрі ғылымға қаржы құю қажет», - деді Ә.Қабылбай.

Соңғы жаңалықтар