Қазақстан ЕО елдерімен қылмыстық сот өндірісі саласында он беске жуық келісім жасауды жоспарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Еуропалық Одақ мемлекеттерімен қылмыстық сот өндірісі саласында он беске жуық келісім жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. Еске сала кетейік, комитет отырысында «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
None
None

Айта кетейік, аталған келісімді ратификациялау арқылы Қазақстанда қылмыс жасап, Мажарстанда жасырынып жүрген қылмыскерлерді қайтаруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте тараптар қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және ұстап беруге әкелетін қылмыстар үкімін орындау үшін өз аумақтарындағы іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді. Сонымен қатар келісімнің шарттарына сәйкес, қылмыскерлерді беру шарасы қылмыстық заңнамада қамтылған, екі мемлекетте де қылмыс деп танылатын қылмыстық әрекеттер үшін қарастырады, ал ұстап беруге қатысты жазалау санкциясы қылмыскер үшін 1 жылдан кем болмауы керек. Егер сұрау салған тарап қылмыскерді беру өзінің ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне залал келтіреді, сондай-ақ сұрау салынған қылмыс саяси қылмыс деп саналса, онда ондай тұлғалар берілмейді. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан дәл осыған ұқсас келісімдерді 12 мемлекетпен жасасқан. «Қазақстан қылмыстық сот өндірісі саласында Еуропалық Одақтың төрт конвенциясына қосыла алатын еді, алайда, оның екеуінен бас тартылса, біреуі енді қаралып жатыр. Сондықтан да біз барлық елдермен екіжақты келісімдер жасасуға мәжбүрміз, соңғы уақытта осымен белсенді айналысып жатырмыз. Осыған орай, ағымдағы жылы шамамен 15-ке тарта екіжақты келісімшарттар жасауды көздеп отырмыз», - дейді И.Меркель. Талқылаудан соң заң жобасы палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылатын болып келісілді.

Соңғы жаңалықтар