Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде алты медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды.
Отандастарымыз жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды.
79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтыннан алқа тақты.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Мерей Базарбаев (61 келіге дейін), Мағжан Жаңырбай (86 келіге дейін), Нұрдәулет Бекенов (97 келіге дейін), Әлімжан Сәлімжан (125 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін регби-7 бойынша Азия сериясында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы белгілі болғанын жазған едік.