Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары бір күнге мамандықтарын өзгертті (ФОТО)

«Біз бұндай қызықты шараны алғаш рет жасап отырмыз және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырған болатынбыз. Біздің елдің ең әйгілі адамдары сіздерді музейдегі құнды тарихи жәдігерлермен және біздің ұлттық мұрамызбен таныстырғалы келіп отыр», - дейді музей директоры Дархан Мыңбай.
Музейде экскурсия жүргізушілерінің орнына бүгін келген қонақтарға Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова қызмет жасады.
Қарақат Әбілдина өз жұмысын алтын бұйымдар залында өткізсе, Маржан Арапбаева меймандарды қазіргі заман өнерімен таныстырды. Клара Төленбаева келушілерге Тәуелсіздік залындағы заттарды көрсеткен болса, Досымжан Таңатаров этнография залын аралатты. Құрмаш Маханов пен Қалқаман Сарин келушілерге тарихи жәдігерлерді көрсетті. Ал Гүлнәр Оразымбетова Астана залында Қазақстан астанасының тарихына қатысты деректерді баяндады.
Шара 18:00-де Қазақстан экстрадасы жұлдыздарының концертіне ұласпақ.