Қазақстан этнос өкілдері Абай туралы кітап шығарды
«Бұл жинақта Қазақстан этностары өкілдерінің Абай туралы эсселері бар. Абай – қазақтың ұлы ақыны және ойшылы. 2020 жылы біз Абайдың 175 жылдығын атап өтудеміз. Әлемдегі болып жатқан жағдайға қарамастан, мерейтой кең көлемде және жоғары деңгейде атап өтілуде. Қазақстан Президентінің бастамасымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер тізіміне енгізілді», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Мажағұлов.
Оның айтуынша, осы мерейтой қарсаңында ғалымдар ұлы Абай шығармаларын зерттей бастаған.
«Ғылыми-поэзиялық байқау, фестивальдар өтіп, кітаптар шығарылды және ескерткіштер тұрғызылды. Абайды ұлықтау марафоны жалғасады. Абай мұрасы – біздің асыл қазынамыз. Бұл – Абай туралы ғана емес, баршаға ортақ Қазақстанның, баршаға ортақ мұраның болашағы туралы кітап», - дейді Болат Мажағұлов.
Аталған жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарын орындау аясында жарық көріп отыр.