13:55, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында тиімді бизнес-серіктес - Жеңіс Қасымбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында тиімді бизнес-серіктес. Бұл туралы бүгін Астана-Батуми бизнес-форумында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті.

«2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастаған Еуразиялық экономикалық одақтың басымдықтарына тоқталатын болсақ, бүгінде оның нарығы 170 млн. адамды құрап отыр. Жиынтық жалпы ішкі өнім екі трлн. АҚШ долларынан астам және сарапшылардың бағалауы бойынша 2030 жылға дейін біздің елдер ЖІӨ өсіміне қосымша 20 пайыз деңгейінде қол жеткізеді. Бұл шамамен 600 млрд. долларды қамтиды. Бұл жағдайда Қазақстанның Қытай, ЕАЭО, сондай-ақ Орталық Азия және басқа нарықтарға жақындығын ескере отырып, еліміз бұдан да тиімді бизнес-серіктеске айналуда», - деді министрдің бірінші орынбасары.