07:13, 18 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақстан Еуропа Лигасындағы 30-жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайраттың» армяндық «Алашкертті» ұтуы қазақстандық клубтардың Еуропа Лигасындағы (УЕФА) 30-жеңісі болды, деп жазады Sports.kz.
Осы турнирдегі алғашқы жеңіске де алматының «Қайраты» қол жеткізген еді. Олар 2006 жылы венгерлік «Фехерварды» 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Еуропа Лигасындағы жеңістер ( УЕФА Кубогы): 1. «Ақтөбе» (Ақтөбе) - 8 жеңіс; 2. «Шахтёр» (Қарағанды) - 6; 3. «Қайрат» (Алматы) - 5; 4. «Ертіс» (Павлодар) - 4; 5. «Астана» (Астана) - 4; 6. «Оқжетпес» (Көкшетау) - 1; 7. «Ордабасы» (Шымкент) - 1; 8. «Тобыл» (Қостанай) - 1.