Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту жұмыстарын жалғастырады - Е. Ыдырысов

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту жұмыстарын жалғастырады - Е. Ыдырысов

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Еуропалық одақпен әріптестікті және ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім жасау жөніндегі жұмыстар жалғасуда. «Инновациялық-технологиялық әріптестіктен бөлек, келісімшарт аясындағы аса маңызды бағыттардың бір бөлігі біздің азаматтарымыз үшін визалық режимді либералдандыру жөніндегі сатылы жұмыстарға қатысты болмақ. Жалпы, Азиядағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды даму барысы шын мәнінде Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен екіжақты және көпжақты байланыстардың кеңеюін талап етеді. Сондықтан да, сыртқы саясат ведомствосы Азия-Тынық мұхит өңірінің елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықты ең жоғары деңгейде пайдалануға мүдделі», - деді Е. Ыдырысов.