Қазақстан Еуропаның қандай елдеріне шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Еуропаның 13 еліне шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттайды.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз

Қазақстан осы жылдың 8 айында әлемнің 29 еліне жалпы құны 29 млрд 648 млн 678 мың долларға тең 47 млн 756 мың тонна шикі мұнай мен газ конденсатын экспортқа шығарды. Елімізден шикі мұнай мен газ конденсатын алатын елдердің арасында Еуропаның 13 мемлекеті бар. Бұл ретте шикізатты ең көп сатып алатын елдердің көшбасын Италия бастап тұр. Бұл мемлекет 8 айда Қазақстаннан 12 млрд 784 млн 966 мың долларға 20 млн 349 мың 638 тонна шикізат сатып алды.

Қазақстаннан шикі мұнай мен газ конденсатын сатып алатын Еуропа елдері:

Болгария – 262 863 тонна (156 млн 605 мың доллар);

Германия – 992 842 (616 млн 321 мың);

Греция – 2 895 246 (1 млрд 820 млн 717 мың);

Испания – 1 380 054 (879 млн 58 мың);

Мальта – 800 (504 мың);

Нидерланды – 4 605 527 (2 млрд 864 млн 924 мың)

Польша – 79 695 (39 млн 631 мың);

Румыния – 2 453 816 (1 млрд 411 млн 636 мың);

Ұлыбритания мен Ирландия біріккен корольдігі – 186 888 (106 млн 61 мың);

Франция – 3 931 547 (2 млрд 432 млн 360 мың);

Хорватия – 196 440 (118 млн 863 мың);

Швейцария – 1 417 105 (759 млн 932 мың).

Осыған дейін ОПЕК+ сегіз мүшесі мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін бір айға ұзартқанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар