Қазақстан - Фарер аралдары 2:1. ВИДЕО

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше «Астана-Арена» стадионында Қазақстан құрамасы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Фарер аралдарының командасын қабылдады.

Қазақстан - Фарер аралдары 2:1. ВИДЕО

Бұған дейін «ҚазАқпарат» хабарлағандай, Мирослав Беранек баптайтын біздің жігіттер Фарер аралдарынан келген қонақтарды 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Голдардың авторлары - Қайрат Нұрдәулетов (пенальтиден) және Андрей Финонченко.

Енді 10 қыркүйекте біздің команда елорда төрінде Златан Ибрагимович бастаған Швеция құрамасын қабылдайды. Ойынның басталуы - 22:00-де, деп хабарлайды sports.kz.

Қазақстан - Фарер аралдары 2:1 (0:1)
Голдар:
Беньяминсен 23 (0:1), Нұрдәулетов пенальтиден 50 (1:1), Финонченко 64 (2:1)
Ескертулер: Нес 49, Ханссон 51
Қазақстан: Сидельников, Логвиненко, Кислицын (Остапенко 84), Нұрдәулетов, Дмитренко, Жұмасқалиев (Хайруллин 90), Шомко, Богданов, Хижниченко, Коробкин (Финонченко 46), Щеткин
Фарер: Нильсен, Нэс, Балдвинссон, Давидсен Й-Т, Давидсен В., Моуритсен, Беньяминсен, Ольсен, Ханссон (Ватнсдаль 80), Хольст, Эдмундссон (Клеттскар 80)
Бас төреші: Джонни Казанова (Сан-Марино)
6 қыркүйек. Астана. «Астана Арена». 9500 жанкүйер.

Допқа иелік ету: 56% - 44%
Қақпа бағытындағы соққылар: 10 - 8
Қақпаға дәл соққылар: 7 - 3
Фолдар: 11 - 12
Офсайдтар: 7 - 0
Бұрыштама добы: 5 - 2
Сары қағаз: 0 - 2