Қазақстан фермерлері егіс науқанына қажет тұқыммен толық қамтамасыз етілді

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша, 2015 жылғы өнімге 2,2 млн. тонна тұқым сақталды, бұл қажеттіліктің 94 пайызын құрайды. Атап айтқанда, оның ішінде астық дақылдарының тұқымы 1,9 млн. тонна, майлы дақылдар 50,4 мың тонна, жем-шөп - 29,4 мың тоннаны құрады»,-деді ол.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, бұл ретте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 162,5 мың. тонна көлемінде дәнді дақылдар тұқымының тапшылығы болды.
Аталған тапшылық облысішілік, облысаралық алмасу және бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы есебінен 100 пайызға толтырылды. Биылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша Казагрэкс филиалдарына 1,4 млн. тонна дәнді дақылдар тұқымы тексеруге түсіп, 1,3 млн. тоннасы немесе 89 пайызы тексерілді. Оның 1,2 млн. тоннасы немесе тексерілгеннің 96 пайызы сапалы болып шықты.