Қазақстан фермерлерінен астық сатып алу тәртібі өзгерді - Азық-түлік корпорациясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден астықты сатып алу ережелерінің өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан фермерлерінен астық сатып алу тәртібі өзгерді - Азық-түлік корпорациясы

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» фермерлерге қолдау көрсетуді жеделдету үшін астықты сатып алудың белгілі бір шарттарынан бас тарту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» «ҚазАгро» холдингі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақұлдауымен астықты сатып алу шартына мынадай өзгерістер енгізді: астықты сақтау қызметіне 3 ай алдын ала төлеу шарты алынып тасталды (бұрын төленген өтінімдер бойынша жұмсалған қаражаттардың орны өтеледі) және бір астық өндірушіге арналған квоталар жойылып, егістік алаңдары ғарыш суреттерінің көмегімен тексерілмейді.

Бидай егістіктері туралы ақпараттардың сенімділігіне өтінім берушілер мен облыстық әкімдік жанындағы сатып алу мәселелері бойынша комиссия жауап береді.

Еске сала кетсек, 2017 жылы желтоқсан айының соңында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ тоннасына 42 мың теңге бағамен 2 млн. тонна 3 санаттағы бидайды сатып алғандығын хабарлады.


Сатып алу астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі арқылы (www.minagro.kz интернет-ресурсы) және егіс алқабының 1 гектарына 173 келі мөлшеріндегі квота бойынша жүзеге асырылған. Бұл квота жерге және нақты бидай дақылдарына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін астық сату көлемін әділ анықтау үшін белгіленген. Бірінші кезеңге өтінімдер 25 қаңтарға дейін қабылданды.

Сонымен бірге, корпорация бірқатар облыста әкімдіктердің өтінішіне сәйкес, шаруалардың астықты белгіленген квоталардан асатын мөлшерде сата алатынын мәлімдеді.