02:55, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстан ФИФА рейтингінде ондыққа енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Еуропа чемпионатында қола алған Қазақстан ФИФА рейтингінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді, деп жазады alaman.kz сайты.

Қазақстан Әзербайжан, Жапония, Сербия, Колумбия, Словения сынды елдердің алдына шықты. Әлем чемпионатының іріктеуіндегі қарсыласымыз Польша 35-орында тұр.
Көш басында Испания. Бразилия, Ресей тұр. Испания Сербиядағы Еуропа чемпионатының финалында Ресейді ұтты - 7:3.