Қазақстан ФИФА рейтингінде өткен аймен салыстырғанда 3 сатыға ілгеріледі

АЛМАТЫ. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ФИФА-ның рейтингінде Қазақстан өткен аймен салыстырғанда 3 сатыға ілгерілеп, 130-шы орынға көтерілді,

Қазақстан ФИФА рейтингінде өткен аймен салыстырғанда 3 сатыға ілгеріледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясының интернеттегі сайтына сілтеме жасап.

Үздік бестікке  Бразилия, Испания, Нидерланды, Германия және Италия құрамалары еніп отыр. 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қазақстандықтармен бір топта өнер көрсететін Англия 7-ші, Хорватия 10-шы, Украина 19-шы, Белорус 74-ші, ал Андорра 195-ші   орында келе жатыр. Өткен  аймен салыстырғанда бұл жолы  Англия, Хорватия, Украина, Белорус құрамалары өз орнын сақтап қалды. Ал өз көрсеткішін Қазақстан 3 сатыға, ал Андорра 1 сатыға жақсартып отыр. Жалпы қазіргі таңда Бернд Шторк жаттықтыратын ел құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 7 ойыннан кейін Андорра футболшыларын ғана артқа тастап 3 ұпаймен бесінші орында келе жатыр.  Андорра футболшыларында  бірде-бір ұпай жоқ.