Қазақстан Финляндияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін қолдайды ? Н. Назарбаев
ХЕЛЬСИНКИ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Финляндияның Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін қолдайды. Бүгін Хельсинкиде Финляндия Президенті Тарья Халонен ханыммен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Т. Халонен ханым тек Финляндияда ғана емес, сонымен бірге әлемдік деңгейдегі тәжірибелі саясаткер және әлемде өзіндік орны бар. Сондықтан Қазақстан Финляндияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін қолдайды», деді баспасөз мәслихатында Н. Назарбаев.