Қазақстан Францияға қандай тауарларды экспорттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,5 млрд долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,3 млрд доллар болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Францияға қандай тауарларды экспорттайды

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан Францияға экспорт 5%-ға өсіп, $1,9 млрд құрады.

Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай - $1,7 млрд (үлесі 89,8%), уран - $146,5 млн (7,6%), титан және одан жасалған бұйымдар - $28 млн (1,5%), күкірт - $10,2 млн (0,53%), сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар - $1,9 млн (0,1%), электр қозғалтқыштары мен генераторлары - $1,3 млн (0,07%).
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Франциядан Қазақстанға импорт 8,1%-ға өсіп, $512,6 млн құрады.
Франциядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: вакциналар, қанның сарысуы, қан - $40,5 млн (үлесі 7,9%), турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналар - $36,9 млн (7,2%), бөлшек сауда үшін буып-түйілген дәрілік заттар - $36,7 млн (7,2%), көмір электродтары - $22,4 млн (4,4%), радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура - $17,1 млн (3,3%), электр трансформаторлары - $15,1 млн (2,9%), хош иісті заттардың қоспалары - $12,7 млн (2,5%), гербицидтер - $11,9 млн (2,3%).