Қазақстан фристайлшылары Олимпиада алдындағы жаттығуын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін фристайл акробатикадан Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында дайындыққа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, қазақстандық спортшылар Олимпиадаға қатысу үшін Чжанцзякоудағы олимпиадалық қалашыққа орналасты.
Олимпиада ойындарында фристайл-могул бойынша Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев ел намысын қорғайды.
Кестеге сәйкес, Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева 13 ақпан күні әйелдер арасындағы іріктеу сынына, Шерзод Хаширбаев 15 ақпанда ерлер арасындағы жекелей іріктеу сынына қатысады.







