Қазақстан футбол федерациясы: Бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Футбол федерациясының ХІІ конференциясы барысында федерация басшысы Ерлан Қожағапанов бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Біз теңгерімді трансферлі саясатты қолдаймыз. Сондықтан жақын келешекте тиісті өзгерістерді регламентке енгізбекпіз. Легионерлерге қатысты мәселені Бірінші лигадан бастауды ұсынамыз, сол себепті келесі жылдан бастап бізде тек отандық футбол клубтарының түлектері ойнайтын болады. Дәл осыған ұқсас шаралар жаттықтырушылар мен бапкерлер корпусына да қатысты қабылданбақ», - деді Е.Қожағапанов.

Соңғы жаңалықтар