Қазақстан футбол федерациясының аппаратында бірқатар жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан футбол федерациясының аппаратында бірқатар жаңа тағайындаулар мен алмастырулар болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қызметінен босату туралы өтініш берген Владимир Щербаковтың орнына Әйелдер футболы бөлімін бұрын Жағажай футболы бөліміне жетекшілік еткен Владимир Бадагов басқаратын болады. Жағажай футболы бөлімі өз кезегінде футзал департаментімен бір бөлімшеге біріктірілді. Бұл жаңа құрылымның басшысы міндетін атқарушы болып Болат Жахин тағайындалды. Футзал департаментінің бұрынғы директоры Олжас Абраев Ұлттық футбол лигасының Премьер-лигадағы менеджер қызметіне ауыстырылды. Сонымен қатар, бұрын Ұлттық футбол лигасында жұмыс істеген Вячеслав Бегунов Қазақстан ұлттық құрамасының менеджері болып тағайындалды», делінген ҚФФ-ның таратқан хабарламасында.