Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Игорь Утробин Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері қызметін бастады. Бұл туралы футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Одан бөлек, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Рафаэль Гарибянның отбасылық жағдайға байланысты, өз қызметінен кететіні белгілі болды.
Утробин Игорь Владимирович 1965 жылы туған. Алматы университетін бітірген. Футболдан бапкер-оқытушы.
Еңбек өтілі: «Жетісу» ФК (1982 - 1984) - ойыншы; «Скиф» ФК (1986-1987) - ойыншы; «Металлург» ФК (Запорожье) (1986-1987) - ойыншы; «Восток» ФК(1989-1991) - ойыншы; «Шахтер» ФК (1991-1992) - ойыншы; «Достық» ФК (1992-1993) - ойыншы; «Восток» ФК (1993-1994) - ойыншы; «Қайрат» ФК (1994-1995) - ойыншы; «Цесна-Тау» компаниясы (1995-1999) - спорт директоры; «Цесна» ФК (2000-2004) - атқарушы директор; «ФСК Алматы» ФК (2004-2007) - балалар-жасөспірімдер футболы бойынша маман; «Алматы» ФК (2007) - спорт директоры; Қазақстан футбол федерациясы (2004-2012) - балалар-жасөспірімдер футболы департаменті директорының орынбасары; Қазақстан футбол федерациясы (2012 жылдан бері) - балалар-жасөспірімдер футболы департаментінің аға маманы.