Қазақстан футбол федерациясының төрешілер корпусын итальяндық арбитр Маттео Трефолони басқарды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Футбол алаңдарымыздағы дау-дамайлардың аяқталар кезі жетті ме?,

Қазақстан футбол федерациясының төрешілер корпусын итальяндық арбитр Маттео Трефолони басқарды

деп жазады "Экспресс-К" газеті өзінің «Свистопляска по-итальянски» (автор Олег Хайкин) мақаласында.

19 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясының басшылығы төрелік және инспекциялау департаментінің жаңа басшысы Маттео Трефолониді таныстырды. 

 «Біз қызметіміздің көп сынға ұшырайтын бағытын басқара алатын адамды көп іздестірдік. Трефолони мырза Еуропаның футбол ортасында танымал тұлға», - деді Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Саян Хамитжанов.

Маттео Трефолони 41 жаста, итальян тілінен өзге, ағылшын тілін де жақсы меңгерген. Төреші ретінде 300-ге жуық матчты жоғары деңгейде өткізді.  Маттео Трефолони ФИФА-ның халықаралық санаттағы төреші лицензиясын алған Итальяның ең жас арбитрі болып табылады.

Айта кетейік, Трефолони 7 жыл бойы ФИФА төрешісі болды.