Қазақстан футбол құрамасы Ереванға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Ларнакадан чартерлік рейспен Армения астанасы Ереванға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Екі сағат жолдан кейін команда қала ортасындағы қонақүйлердің біріне орналасты. Кешке Еревандағы «Бананц» футбол клубының стадионында алғашқы жаттығу өтпек.
Ертең команданың матч алдындағы жаттығу және бас бапкер Александр Бородюктің қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.
2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Армения мен Қазақстан арасындағы матч 26 наурыз күні Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.