Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері кім болады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірер күндерден кейін Қазақстан футбол құрамасына жаңа бас бапкер келеді.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері кім болады?

Бүгін Қазақстанның футбол федерациясы тілшілерді Астанада 7 ақпан күні жаңа бас бапкерді таныстыру шарасына шақырды.

"2014 жылы 7 ақпанда 13:30-да Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінің «D-Hall» залында Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыруға арналған баспасөз қызметі өтеді", - делінген федерацияның таратқан мәліметінде.

Бірақ оның есімі әлі белгісіз. Еске сала кетейік, 2013 жылдың 31 желтоқсанында Мирослав Беранек қызметінен кеткен болатын.

БАҚ беттерінде оның орнын «Рубин» клубының бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев немесе ресейлік Юрий Красножан басуы мүмкін деген хабарламалар таратылды.