Қазақстан футболшылары Кипрге қарсы жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 22 наурыз күні футболдан Қазақстан құрамасы Кипрге қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футболшылары Кипрге қарсы жолдастық кездесу өткізеді

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы аталмыш матчқа қатысу үшін Никосияға ұшып кетті.

Бұл ойыннан кейін футболшыларымыз ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Армения командасымен күш сынасады. Бұл матч 26 наурыз күні өтеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ұлттық командаға шақыртылған футболшылардың тізімін жария еткен болатын.