Қазақстан футболшылары Сербияда өтіп жатқан U-17 турнирінде жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - U-17 Қазақстан құрамасы Стара-Пазовта (Сербия) өткен бапкер Милян Миляничті еске алу турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
Турнирге үш құрама қатысты: Сербия, Қазақстан және Финляндия. Қазақстандық футболшылар финдіктермен тең түсіп (1:1), сербиялықтарға есе жіберді (0:4). Қорытындылай келгенде, бір ұпаймен соңғы орынды иеленді. Сербия - төрт ұпай, Финляндия - екі ұпай жинады.