Қазақстан футболшылары жолдастық кездесуде Венгрияға жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Будапешттегі жолдастық кездесуде Венгрияға 0:3 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Венгриямен ойын жанкүйерлерге команда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі басталуына қаншалықты дайын екенін көрсетуге тиіс еді. Сондай-ақ қазақстандықтардың жаңа жаттықтырушы Юрий Красножанға сенімін де көрсетер еді.

Қазақстан құрамасында да айта қаларлықтай жаңалықтар болған жоқ, оның капитаны болып қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Андрей Финонченко тағайындалды. Ойынның 3-ші минутында қонақтар бұрыштан доп соуға мүмкіндік алды, Финонченко допты берді, Сергей Хижниченко оны тиісті мақсатына бағыттауы қажет еді, бірақ ол үдеге жете алмады. Ал венгрлер қолайлы сәтті ұтымды пайдалана отырып, Андрей Сидельниковтің қақпасына гол салды - 1:0.

Екінші қырық бес минуттың басында Қазақстан белсенділік танытқанмен жағдай өзгере қойған жоқ. Роланд Варга айыппұл алаңынан соққан доп қабырғадан аунап келіп, Сидельниковтің қолына түскенімен, ол айырылып қалды да доп қақпаға барып түсті - 2.0. Екінші таймдағы орын алмасулардан кейін қазақстандық команда сақ ойнады, олар сан жағынан да азайып қалып еді. Бірақ та сақтық есепті сақтауға көмектеспеді. Константинн Энгельдің добы өз қақпасына соғылды - 3:0.

Соңғы жаңалықтар