Қазақстан футболы: Премьер-лига клубтары қай елдерде жаттығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан премьер-лигасындағы клубтарымыздың 2017 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қай жерде өткізетіндіктерін жариялады. 

 Қазақстан футболы: Премьер-лига клубтары қай елдерде жаттығады

Биыл Түркияда лаңкестік әрекеттер тыйылмай тұрса да, клубтарымыздың дені жылда барып үйреніп қалған жерлерінде жаттығуды жөн санапты. Тек «Астана» ғана Дубайға ұшқан.

«Астана»
Оқу-жаттығу жиыны: Біріккен Араб Әмірлігінде, 15 қаңтар - 1 ақпан.

Жолдастық кездесулер: 28 қаңтарда - «Рига» (Латвия), 31 қаңтарда - «Чонбук Хендэ» (Оңтүстік Корея).

«Қайрат»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 5 - 20 қаңтар.

 Жолдастық кездесулер: 12 қаңтарда - «Кукеси» (Албания), 19 қаңтарда - «Оренбург» (Ресей).

«Ертіс»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 9 - 22 қаңтар.

Жолдастық кездесулер - әлі жарияланған жоқ

«Ордабасы»
Оқу-жаттығу жиыны: Шымкентте, қазір - Түркияда (5 - 20 қаңтар).

Жолдастық кездесулер - Бір ойын өткізді: «Беерсхот» (Бельгия) - 0:1

«Оқжетпес»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 - 24 қаңтар.

Жолдастық кездесулер - Өткізген ойындары: «Кундуспор» (Түркия) - 8:1, «Қайсар» - 0:0, «Тобыл» - 0:0.

«Ақтөбе»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 12 қаңтардан - 1 ақпанға дейін.

Жолдастық кездесулер: 22 қаңтарда - «Анжи» (Ресей).

«Тобыл»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 4 - 19 қаңтар.

Жолдастық кездесулер: 11 қаңтарда - «Фламуртари» (Албания), 31 қаңтарда - "Динамо" (Мәскеу).

«Атырау»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 - 27 қаңтар.

Жолдастық кездесулер: Өткізген ойыны, Анталия клубы - 11:0 (22 желтоқсан)

«Шахтер»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 - 28 (?) қаңтар.

Жолдастық кездесулер - әлі жарияланған жоқ («Шахтер» 8 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ыстанбұлға ұшып кете алмады. Ұшулары бүгінге жоспарланған).

«Ақжайық»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 8 - 28 қаңтар.

Жолдастық кездесулер: 20 қаңтарда - «Меппен» (Германия)

«Алтай»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 6 - 21 қаңтар.

Жолдастық кездесулер - әлі жарияланған жоқ.

«Қайсар»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда. Қызылорда клубының бір бөлігі 9 қаңтарда Астанадан Ыстанбұлға ұшып барды. Ал Шымкент - Алматы - Ыстанбұл - Анталия бағытымен жетуі керек болған екінші бөлігі 9 қаңтарда діттеген жерлеріне жете алмады. Олардың рейстері екі рет кейінге шегерілді.

Дереккөз: Астана футбол федерациясы.