Қазақстан Гаага тәртіп кодексін Оңтүстік Шығыс Азияда ілгерілетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қарашада Таиландтың астанасы Бангкок қаласында Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы Гаага тәртіп кодексін қолдау мақсатында семинар өтті.

Қазақстан Гаага тәртіп кодексін Оңтүстік Шығыс Азияда ілгерілетуде

 Іс-шараға Таиландтың мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпус, академиялық топтар және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Қазақстан 2016-2017 жж. Гаага тәртіп кодексінің төрағасы ретінде қатысты. Семинардың басты мақсаты Азия қоғамдастығының Гаага тәртіп кодексіне оны одан әрі әмбебаптандыру мақсатында назарын аудару болды.

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі - БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі Марат Есенбаев сөз сөйледі. Қазақстандық делегация басшысы жалпы қырып-жою қаруын таратпаудың халықаралық тетігінің маңызды және ажырамас бөлігі ретінде Гаага тәртіп кодексін атап өтті. Семинарға қатысушылар Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінің төрағасы лауазымындағы басымдықтарымен, сондай-ақ мүшелік құрамын кеңейту және режімді әмбебаптандыру бойынша қолданып жатқан шараларымен танысты. Онтүстік Шығыс Азия бойынша семинарлар топтамасы Мьянма үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 11 қарашада Янгон қаласында (Мьянма Одағы Республикасы) жалғасады.